Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2010.02.05 N 31-6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53 бабының 2 тармағы 2 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданының ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленсін.
2. Аудандық қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Д. Бектемисова
Аудандық мәслихат
хатшысының м.а. А. Сеитов