Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді 2009 жылы ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы Әкімінің 2009 жылғы 09 қаңтардағы N 2 шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда 86 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен айқындалған тәртiппен әскери қызметке жарамдылық деңгейiн анықтау үшін шақыру учаскелерiне тiркелу кезiнде азаматтардың медициналық комиссиядан өтуі ұйымдастырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің № 1, 2, 3 қалалық полиция бөлімдеріне (келісім бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Ақтановаға жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

      Тараз қаласының әкімі                      І. Тортаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жамбыл облысы Тараз қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      С.И. Мельников
      09 қаңтар 2009 жыл

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер
      министрлігінің Жамбыл облыстық Ішкі істер
      департаментінің Тараз қалалық № 1 полиция
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ә.Қ. Қарасартов
      09 қаңтар 2009 жыл

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер
      министрлігінің Жамбыл облыстық ішкі істер
      департаментінің Тараз қалалық № 2 полиция
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б.Ә. Күлекеев
      09 қаңтар 2009 жыл

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер
      Министрлігі Жамбыл облысы Ішкі Істер
      Департаментінің 3-ші полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      М.М. Бужуков
      09 қаңтар 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады