2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 987 Қаулысы. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда 98 нөмірімен тіркелді

     РҚАО ескертпесі:
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
      2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Ақтановаға жүктелсін.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

      Тараз қаласының әкімі Е. Астаев
       «КЕЛIСIЛДI»
       «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
      Жамбыл облысының Әдiлет департаментi
      Тараз қаласының Әдiлет басқармасы»
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      В. Коротков
      22 желтоқсан 2009 жыл.
       «Жамбыл облысы
      Ішкі істер департаментінің
      Тараз қалалық Ішкі істер
      басқармасы» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      Б. Күлекеев
      22 желтоқсан 2009 жыл.
       «Жамбыл облысы
      Тараз қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      С. Мельников
      22 желтоқсан 2009 жыл.

  Тараз қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 987 Қаулысына қосымша

Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

     Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Тараз қаласы әкімдігінің 2010.06.17 № 506 Қаулысымен; 2010.07.29 № 656 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).


Ұйымның атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлерi
Көлемi мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi (теңге)
Сұраныс
Ұсыныс
1
«Тараз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң «Жасыл-Тараз» мамандандырылған кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Аптасына 40 сағат
20000 жергiлiктi бюджет
304
304
2
«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаментi Тараз қаласының Әдiлет басқармасы» мемлекеттiк мекемесi
Құжаттарды рәсiмдеуге техникалық көмек көрсету
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 7 сағат, 12 ай мерзімге
20000 жергiлiктi бюджет
3
3
3
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi
Бөлімшелердің аулаларын тазалау
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 7 сағат, 12 ай
20000 жергiлiктi бюджет
3
3
4
«Тараз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң «Тұрғын үй» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны
Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 7 сағат, 12 ай мерзімге
20000 жергiлiктi бюджет
7
7
5
«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 7 сағат, 6 ай мерзiмге
20000 жергiлiктi бюджет
3
3
6
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Спорт алаңдарының жұмысын жүргізу
Аптасына 40 сағат
20000 теңге жергілікті бюджет
10
10
 
Барлығы:
 
 
 
330
330

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады