2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімиятының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 71 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 наурызда 79 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 720 баптарының негізінде және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 48баптарына сәйкес, жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімиятыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, сұраныс пен ұсыныс 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл ауданының Әкімі                     М. Дүйсембаев

Жамбыл ауданы әкімиятының
2009 жылғы 24 ақпандағы № 71
қаулысына 1-қосымша

2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі

      1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      2. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Жамбыл ауданы Айшабибі селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ақбұлым ауылы әкімінің аппарты"  мемлекеттік мекемесі.
      6. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі.
      7. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродиково селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі.
      8. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      9. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      12. "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      13. "Қарой селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі.
      14. Жамбыл ауданы "Құмшағал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      15. "Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      16. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      17. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      18. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі.
      19. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      20. "Жамбыл ауданы әкімиятының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      21. "Жамбыл ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      22. "Жамбыл ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      23.  "Жамбыл ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      24. "Жамбыл ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі.
      25. "Жамбыл ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      26. "Жамбыл ауданы әкімиятының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      27. "Жамбыл ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      28. "Жамбыл ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      29. "Жамбыл ауданы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      30. "Жамбыл ауданы әкімиятының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      31. "Жамбыл ауданы әкімиятының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

Жамбыл ауданы әкімиятының
2009 жылғы 24 ақпандағы
№ 71 қаулысына 2-қосымша

      Ескерту. 2-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Жамбыл ауданы  әкімдігінің 2009.04.28 № 207 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыс түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлерi

Нақты жұмыс жағдайла-
ры

Көлемi

Қаржы көздері

Еңбегiне төлене
тiн ақының мөлшерi
(адам басына)

Сұра-
ныс

Ұсыныс

1.

Аудан аумағында мемлекеттік "Жастар саясатын" жүзеге асыруға жәрдемдесу

Жастарды қолдауға бағыттал-
ған әлеу-
меттiк, мәдени-
көпшілік
іс-шара-
ларды ұйымдас-
тыруға қатысу.

Қажетін-
ше

Респуб-
ликалық және жергі-
лікті бюджет


15000 теңге

31

31

2.

Мекеме ұйымдардағы қоғамдық іс-шараларға қатысу

Тұрғын-
дарға
құжат
нысанда-
рын толтыруға
жәрдемде-
су, ха-
барлама-
лар,шақы-
ру қағаз-
дарын
тарату, сауална-
малар
жүргізу.

Қажетін-
ше

Респуб-
ликалық және жергі-
лікті бюджет


15000 теңге

31

31


Барлығы





62

62


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады