Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылғы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Жамбыл ауданы әкімиятының 2009 жылғы 24 ақпандағы № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-3-79 болып тіркелген, 2009 жылдың 28 наурызында аудандық № 28 "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулының 2-қосымшасында:
"20000" сандары "15000" сандарымен ауыстырылсын;
"жергілікті бюджет" деген сөздер "республикалық және жергілікті бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының Әкімі М. Дүйсембаев