2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 мамырдағы N 251 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 84 болып енгізілді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Ивасик Олег Тадеевич

-

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы (келісім
бойынша);

Найманова Үміткен
Қапанқызы

-

Жамбыл ауданы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Төребеков Талғат
Дүйсебайұлы

-

«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Жамбыл аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары
(келісім бойынша);

Жолымбеков Мұхтар
Рүстембекұлы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Жамбыл аудандық орталық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының хирург дәрігері,
медициналық комиссияның төрағасы
(келісім бойынша);

Түлкібаева Ғалия
Марксқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Жамбыл аудандық орталық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы (келісім бойынша).

      3. Шақыру комиссиясының резервтік құрамы төмендегілерден
құрылсын.

Базарбаев Тархан
Бердіханович

-

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің әскери
қызметкерлерді келісім-шарт
бойынша іріктеу және шақыру
бөлімшесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);

Сейтов Райымбек
Сияқұлұлы

-

Жамбыл ауданы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары

Комиссия мүшелері:

Райымбердиев Даниар
Рахманұлы

-

«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Жамбыл аудандық
Ішкі істер бөлімінің» мемлекеттік
мекемесінің Қоғамдық қауыпсіздік
бөлімшесінің бастығының міндетін
атқарушы полиция майоры» (келісім
бойынша);

Мусаев Тәуіржан
Дүйсенбекұлы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Жамбыл аудандық орталық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының хирург дәрігері,
медициналық комиссияның төрағасы
(келісім бойынша);

Самалиева Айнагүл
Қалдыбайқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Жамбыл аудандық орталық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы (келісім бойынша).

      4. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырылуын, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынылсын.

      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл ауданының Әкімі                     М. Дүйсембаев

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Ашмалиев
2009 ж.

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
О. Ивасик
2009 ж.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасының Жамбыл аудандық
орталық емханасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Г. Құлмағанбетова
2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады