РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мемлекеттік жер қоры жерінен әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 14,22 гектар жер қосылып Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылының шекарасы өзгертілсін.
2. Осы бірлескен кесімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Сейітовке және аудандық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен кесім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының Жамбыл аудандық
әкімі: мәслихат хатшысы:
М. Дүйсембаев Ә. Мәнтеев
Жамбыл аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы:
А. Жұмаханов