РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Бесағаш селолық округіне қарасты Түрксіб селосындағы Жаңа көшесінің аты Рүстемов Рүстембек Смайылұлының атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесағаш селолық округінің әкімі Т. Кожабаев.