Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 153 Қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 маусымда 72 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы
      әкімдігінің 2012.01.27 № 6 қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Айтақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Пралиев

Ауданы әкімдігінің 
2009 жылғы 28 сәуірдегі
№ 153 қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардығы Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындайды.

1. Жалпы бөлім

      1. Аталған тәртіптегі пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген азаматтар топтары;
      3) Уәкілетті орган - «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу арнаулы құралған комиссиямен жүргізіледі
      2. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органының және басқа да мекеме ұйымдардың өкілдері кіреді.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі ауданның атқарушы органымен бекітіледі.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:
      1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;
      2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.
      5. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган жұмыс берушілер мен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасайды.
      6. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады