Аудан әкімиятының 2009 жылғы 12 қаңтардағы "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 1 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 154 Қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 маусымда 73 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және “Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген “Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне" сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жуалы ауданы әкімиятының 2009 жылғы 12 қаңтардағы “2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 1 қаулысына(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-4-68 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпандағы “Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінің № 22 (7721) нөмірінде жарияланған) толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының № 1 қосымшасы келесі жолдарымен толықтырылсын:        20. «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      21. «Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      22. «Жамбыл облысы ішкі істер департаменті Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      23. «Казпочта акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы Жулы аудандық почта байланыс торабы»;
      24. «Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жуалы-су"» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
      Аталған қаулының № 2 қосымшасы келесі мазмұндағы 9, 10, 11 жолдарымен толықтырылсын:

9

Мектеп, балабақша
ғимараттарын ағым-
дық жөндеу, кітап-
ханаларда кітап
қорының сақталуын
қамтамасыз ету –
қайта түптеу, мұ-
қабасын жаңарту,
мектеп бақтарын
көріктендіру, көгеріштендіру

1. Сырлау,
әктеу
2. Күл-қо-
қыс шығару
3. Кітап-
тарды жөндеу
4. Гүл егу
және оны
күту

қажет-
тілікке
байла-
нысты

Жергі-
лікті
бюджет

13470
теңге

38

38

10

Ауылдық учаскелік
полицияға көмек
көрсету жұмыстары

1. Тәртіп
бұзушылар-
мен жұмыс
жүргізуге
көмектесу

қажет-
тілікке
байла-
нысты

Жергі-
лікті
бюджет

13470
теңге

25

25

11

Ауылдарға судың
жеткізілуін
қамтамасыз ету
жұмыстары

1. Арық
тазалау
және басқа
да жұмыстар

қажет-
тілікке
байла-
нысты

Жергі-
лікті
бюджет

13470
теңге

17

17

      “Барлығы" деген жолда:
      “370" деген сан “450" санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Айтақовқа жүктелсін.

      Аудан Әкімі                                М. Пралиев

КЕЛІСІЛДІ:

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті
Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция
подполковнигі
Б. Налеков
27 сәуір 2009 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады