Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 161 Қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 маусымда 74 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 100 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2011.04.04 № 100 Қаулысымен.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан аумағындағы шаруашылық субьектілері иелігіндегі уақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 229 ұсынысына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінің уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті, Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Налековке (келісім бойынша) және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Қансейітұлына (келісім бойынша) ветеринариялық инспекторларымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту ұсынылсын.
      3. «Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Құниязовқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекіткен «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруының алдын алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық ережесінен» (Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінде 2004 жылдың 9 желтоқсанында № 3252 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Уркумбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан Әкімі                                М. Пралиев

КЕЛІСІЛДІ:

«ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облысы
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Қансейітұлы
27 сәуір 2009 ж.

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті
Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция
подполковнигі
Б. Налеков
27 сәуір 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады