2009 жылдың қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлермен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 02 қарашадағы N 444 Қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада 79 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа әскерлермен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды жүргізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Садыбеков Ғалымжан Үшкемпірұлы

- «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша);

Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы

- Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Көмекбаев Яш Жаңайұлы

- «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Мамедов Жамшид Абас-оглы

- «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жуалы аудандық орталық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның дәрігер–хирургі, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша);

Байжиенова Жібек Құдайбергенқызы

- «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жуалы аудандық орталық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

      3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Налековке (келісім бойынша) әскери міндеттерден жалтарып жүргендерді іздеу және оларды ұстау, сонымен қатар «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру кестесіне сәйкес әскер қатарына аттандыру күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен жасақ бөлуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы, ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтар ішінен қажетті техникалық қызметкерлер алуға рұқсат етілсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді, бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қазанынан басталған қарым-қатынастарға таралады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           А. Уркумбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция
подполковнигі
Б. Налеков
«02» қараша 2009 ж.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы подполковник
Ғ. Садыбеков
«02» қараша 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады