Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 13-4 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 ақпанда 73 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-18 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.24 № 34-18 Шешімімен.     

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   хатшысы
      Э. Заманов                             Т. Сүгірбай

Қордай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 13-4 шешімімен бекітілген

Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері

      Осы Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес әзірленген және тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі Қордай ауданында тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын, орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көрсетіледі.
      2. Орта есеппен жан басына шаққандағы табысын есептеу үшiн  "Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай - уәкiлеттi орган) тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы анықталады.
      3. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезiнде отбасының құрамында бiрге тұратын, отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
      4. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын анықтау кезiнде тұрғын үй көмегіне өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшiнде алынған, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақылар, тұрғын үй көмегi, жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақыдан басқа табыстың барлық түрлерi ескерiледi.
      5. Жиынтық табысты анықтау өтiнiш иесiнiң алған табыстары туралы ұсынған мәлiметтерi негiзiнде жүргiзiледi.
      Еңбек қызметiнен түсетiн табыс отбасының жиынтық табысында жұмыс орнынан еңбекақысы туралы ұсынылған мәлiметтерге сәйкес ескерiледi.
      Жеке меншiк қосалқы шаруашылықтың (үй iргесiндегi телiм, мал және құс), саяжай және жер телiмiнің (жер үлесiнің) табысы өтiнiш берушi мәлiметтерiнің негiзiнде есептеледi.
      Yй iргесiндегi телiмiнен, саяжай телiмiнен, сондай-ақ мал мен құс ұстаудан түсетiн табыс өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледi.
      Жер телiмiнен (жер үлесiнен) түсетiн табыс жылдық табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады.
      6. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамында есептелген барлық адамдардың тоқсан iшiндегi табысын қосу жолымен есептеледi.
      Отбасының бір айдағы орташа жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы құрамында есептелген мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледi.
      7. Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі кемтар балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегін алу үшін «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысының 4 тармағында көрсетілген құжаттар тапсырылады.

      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Қордай аудандық мәслихатының 2010.08.05 № 29-4 (2010 жылғы 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      9. Тұрғын үй көмегі келесі мөлшерлерде көрсетіледі:
      жетпіс еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақы төлеуге;
      жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеу оқиғалары туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      11. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      12. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет есебінен осы мақсатқа қаралған қаражаттың шегінде екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі.

      Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Қордай аудандық мәслихатының 2010.08.05 № 29-4 (2010 жылғы 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады