Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.24 № 34-18 Шешімімен.
Қордай аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 22 шілдедегі шығыс № 4-1794 ұсыныс хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 13-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-73 болып тіркелген, 2009 жылдың 28 ақпанында № 25-26 аудандық «Қордай шамшырағы»-«Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үй көмегін алу үшін «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысының 4 тармағында көрсетілген құжаттар тапсырылады.»;
12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет есебінен осы мақсатқа қаралған қаражаттың шегінде екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі.».
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Э. Заманов Т. Сүгірбай