Ескерту: Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010.05.27 № 4-1151 хатымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызметін Меркі ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Меркі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурызындағы № 7-14 "2008 жылға тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімнің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-53 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 мамырдағы № 56 "Меркі тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
М. Отарбаев Т. Олжабай
Меркі аудандық мәслихатының
2009 жылғы "19" наурыздағы
№ 20-13 шешіміне қосымша
Қызметін Меркі ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Реттік № |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
5 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
5 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |