2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 405 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 желтоқсанда 72 нөмірімен тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 4-1151 хатымен

      Ескерту: Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010.05.27 № 4-1151 хатымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбелері № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды каржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (Ш. Әбілқасымов) аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
      4. «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Қасабеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
      5. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін және оларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Т.Б. Рысқұлбековке жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі                                Б. Рысмендиев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық
Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынның Жамбыл
облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшесінің бастығы
Е. Ахтамбердиев
30.11.2009 ж.

«Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.К. Нуридинов
30.11.2009 ж.

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі
аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Д.Ж. Дайрабаев
30.11.2009 ж.

«Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
Меркі ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ.А. Рысбаев
30.11.2009 ж.

«Қазақстан Республикасы «Қазақавтожол» Республикалық
мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облыстық филиалы жол
пайдалану учаскісі № 35» бастығы
С.А. Калманбетов
30.11.2009 ж.

Меркі ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 405 қаулысына № 1-қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің
тізбесі

      1. «Меркі ауданы Меркі ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      2. « Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      3. «Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      4. « Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      5. «Меркі ауданы «Андас батыр ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      6. «Меркі ауданы Ақарал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      7. «Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      8. «Меркі ауданы Аспара ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      9. «Меркі ауданы Ақермен ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      10. «Меркі ауданы Рыскұлов ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      11. «Меркі ауданы Жаңатоған ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      12. « Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      13. « Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
      14. «Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі Әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі;
      15. «Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      16. «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      17. «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      18. «Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      19. «Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      20. «Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      21. «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      22. «Меркі ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      23. «Меркі ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      24. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынның Жамбыл облыстық филиалының Меркі аудандық бөлімшесі;
      25. «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      26. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Меркі ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
      27. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Меркі ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      28. «Қазақстан Республикасы «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облыстық филиалы жол пайдалану учаскесі № 35»;

Меркі ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 405 қаулысына № 2-қосымша

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлері

Нақты жұмыс жағдайлары

Көлемі

Қаржы көздері

Сұраныс

Ұсыныс

1

Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)

1. Арық тазалау
2. Қоқыс шығару
3. Бағаналарды сырлау 4. Аялдамаларды сырлап, әктеу
5. Жол құрылысы және жөндеу жұмыстарына көмектесу
6. Жолдың жиегіндегі қоқыстарды тазалау.
7. Жол белгілерін орнату.
8. Гүл егу және оны күту.

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

106

106

2

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету

1. Тал егу оны күзету, суғару
2. Талдардың түбін әктеп ретке келтіру

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

5

5

3

Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу

1. Сауалнама жүргізу
2. Санақ жұмыстарына қатысу
3. Әскерге шақыру комиссиясына көмек көрсету
4. Іс қағаздарын жүргізу.
5. Басқа да жұмыстар

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

26

26


Барлығы:




137

137

Ескерту: Жұмыс түрлеріне, жұмысқа тартылған жұмыссыздардың санына өзгерту ауылдық округ әкімдерінің және мекеме ұйымдардың сұраныстарына сәйкес жасалды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады