2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 ақпандағы № 31 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда № 45 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбелері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Мойынқұм ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Данярова) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарт жасассын.
      4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мойынқұм ауданының Әкімі
М. Мұсаев

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облыстық ішкі істер
      департаментінің Мойынқұм аудандық
      ішкі істер бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      З. Бижикеев
      03.02.2009 ж.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      "Жамбыл облысының Әділет департаменті
      Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ә. Байтереков
      03.02.2009 ж.
      "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ғ. Даминов
      03.02.2009 ж.

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 3 ақпандағы
31 қаулысына № 1 қосымша

2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан
аумағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      2. "Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      3. "Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      4. "Қызылтал ауылдық округіәкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      5. "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      6. "Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      7. "Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      8. "Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      9. "Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      10. "Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      11. "Хантау кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      12. "Мирный кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      13. "Шығанақ кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      14. "Мыңарал кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      15. "Ақсүйек кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      16. "Ақбақай кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      17. "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
      18. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
      19. "Жамбыл облысының Әділет Департаменті Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2009
жылғы 3 ақпандағы № 31 қаулысына
№ 2 қосымша

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс


Жұмыс түрлері
Нақты жұмыс жағдайлары
Көлемі
Қаржыландыру көздері
1.
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
1. Арық тазалау
2. Күл-қоқыс шығару
3. Жол құрылысы және жөндеу
4. Гүл егу және оны күту
80 километр
1600 тонна
60 километр
500 метр квадрат
Жергілікті бюджет
2.
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету
1. Тал егу оны күзету, суғару
2. Ескі талдарды ретке келтіру
20000 түп
50,1 гектар
Жергілікті бюджет
3.
Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
1. Сауалнама жүргізу
2. Әскерге шақыру комиссиясына көмек көрсету
3. Басқа да жұмыстар
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті бюджет
4.
Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлері мен тұрмысы төмен мүгедектердің, жалғызбасты қарттардың үйлерін ағымды жөндеуден өткізуге жәрдемдесу.
1. Тал әктеу
2. Отын дайындау
3. Аулаларды ретке келтіру
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті бюджет
5
Барлығы
 
 
 

      
      кестенің жалғасы


Жұмыс түрлері
Еңбегіне төленетін ақының мөлшері (адам басына)
Сұраныс
Ұсыныс
1.
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
"2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақ-
стан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқ-
сандағы Заңымен белгі-
ленген ең төмендегі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде
120
120
2.
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету
"2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақ-
стан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқ-
сандағы Заңымен белгі-
ленген ең төмендегі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде
20
20
3.
Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
"2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақ-
стан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқ-
сандағы Заңымен белгі-
ленген ең төмендегі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде
10
10
4.
Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлері мен тұрмысы төмен мүгедектердің, жалғызбасты қарттардың үйлерін ағымды жөндеуден өткізуге жәрдемдесу.
"2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақ-
стан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқ-
сандағы Заңымен белгі-
ленген ең төмендегі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде
10
10
5
Барлығы
 
160
160

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады