Азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімиятының 2009 жылғы 15 шілдедегі N 205 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 тамызда 47 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашада № 359 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы", "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, әскерлермен әскери құрылымдарға) мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Даминов Ғалмат Тұрдахметұлы
"Жамбыл облысы Мойынқұм
ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Көшеков Жәнібек Балмұханұлы
"Мойынқұм ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Нурбаев Серғали Берікұлы
"Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Иманқұлов Суан Қорабайұлы
"Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының Мойынқұм ауданының орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Козова Жанна Нығманқызы
"Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының Мойынқұм аудандық орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

      
      3. Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асырылуын, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының "Мойынқұм ауданы орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) әскер қатарына шақырылған азаматтар дәрігерлік тексеруден өткізу үшін дәрігерлер құрамын бөлу ұсынылсын.
      5. "Мойынқұм аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтар ішінен қажетті бес техникалық жұмысшылармен қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.

Мойынқұм ауданының әкімі
М. Мұсаев

      
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау
      басқармасының Мойынқұм ауданының орталық
      емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      Б. Әбішева
      15.07.2009 жыл
      "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
      Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      З. Бижекеев
      15.07.2009 жыл
      "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ғ. Даминов
      15.07.2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады