2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімиятының 2009 жылғы 29 мамырдағы N 267 Қаулысы. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 маусымда 83 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабы 3 тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан  - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысы негізінде, Т. Рысқұлов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:

Жолдас Бақытжан Жолдасұлы

«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Әзімбаева Гаухар Аманқұлқызы

«Т. Рысқұлов ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Сегізбаев Болат Тұрмаханұлы

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Джакияев Нұртай Қалиұлы

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов ауданы орталық аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сүйінбаева Айнагүл Орынтайқызы

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов ауданы орталық аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      3. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру комиссиясында қоғамдық негізде жұмыс істеу үшін, «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесін алты қызметкермен қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзіреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ахтан Ахатұлы Қарсыбаевқа жүктелсін.

      Аудан Әкімі                                А. Нұралиев

      «КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау
басқармасының Т. Рысқұлов ауданы
орталық аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Джакияев Нұртай Қалиұлы
29 мамыр 2009 ж.

«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жолдас Бақытжан Жолдасұлы
29 мамыр 2009 ж.

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығы
Исабеков Бақберген Айтжанұлы
29 мамыр 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады