Қарақат ауылындағы Б. Момышұлы көшесінің тұйығы атауын халыққа еңбегі сіңген қайраткер Сарби Қыдыр-ұлының атына өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 04 қарашадағы N 143 Шешімі. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 желтоқсанда 87 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын және Қарақат ауылы Б. Момышұлы көшесінің тұйығы тұрғындарының 10 сәуір 2009 жылғы жиынның хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қарақат ауылы, Б. Момышұлы көшесінің тұйығына Сарби Қыдыр-ұлының есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуы Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары Т. Биғазиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі:                                      А. Бектұрсынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады