Азаматтарды 2009 жылғы сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімиятының 2009 жылғы 12 мамырдағы N 107 Қаулысы. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 76 болып енгізілді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлермен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Абдуллаев Ермек
Бекпенбетұлы

-

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);

Смағұлов Майлыбай
Смағұлұлы

-

«Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас
инспекторы, комиссия төрағасының
орынбасары;

Айнекова Гүлжан
Дүйсенбайқызы

-

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау басқармасының Сарысу аудандық
аумақтық емханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
медбикесі, комиссия хатшысы (келісім
бойынша);

Нүркенов Берік
Сұлтанұлы

-

«Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
министрлігінің Жамбыл облысы ішкі
істер департаментінің Сарысу аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары
(келісім бойынша);

Сыдыгалиев Ахмад
Мамытович

-

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау басқармасының Сарысу аудандық
аумақтық емханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
оташы-дәрігері, дәрігерлік комиссия
төрағасы (келісім бойынша).

      3. «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырылуын, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы           Б. Боранбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
министрлігінің Жамбыл облысы ішкі істер
департаментінің Сарысу аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
Б. Нүркенов
13 мамыр 2009 жыл

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Абдуллаев
13 мамыр 2009 жыл

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау басқармасының Сарысу аудандық
аумақтық емханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
К. Құбдашева
13 мамыр 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады