Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы N 23-10 Шешімі. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 шілдеде 79 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 маусымдағы № 38-8 Шешімімен

      Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2010.06.15 № 38-8 Шешімімен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн 1307 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. «Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 7-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-57 болып тіркелген, 2008 жылдың 17 мамырында № 39 "Сарысу" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат            Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы         хатшысы
      Ф. Маман                     М. Есмаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады