Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.10.18 № 55-5 Шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сарысу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Ф. Маман М. Есмаханов
Сарысу аудандық мәслихатының
2009 жылғы 16 маусымдағы
№ 23-9 шешіміне қосымша
Сарысу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
2. |
Бильярд үстелі |
3 |