РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, азаматтарды сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрамдарды жасақтау үшін мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Қарағұлов Ержан Жәдігерұлы |
- "Жамбыл облысы Қаратау қаласының |
Махамбетов Мырзахан Махамбетұлы |
- "Талас ауданы әкімиятының ішкі саясат |
Комиссия мүшелері: |
|
Сыдықов |
- "Жамбыл облыстық ішкі істер |
Ормаханов |
- "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық |
Қасымова Нұрилә Керімбайқызы |
- "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық |
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық әкімдігінің 2009.09.29 № 415 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Бүркітбаевқа (келісімі бойынша) өз құзіреті шегінде әскери міндеттерін өткеруден жалтарып жүргендерді іздеу және оларды ұстау, сонымен қатар әскери бөлімдерге жөнелтілу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Г.Қ. Тұрсынбековаға жүктелсін.
Аудан Әкімі О. Жиенқұлов
"Келісілді"
Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық
сақтау басқармасының "Талас аудандық
орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
М.К. Серімов
6 мамыр 2009 ж.
Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Ж. Қарағұлов
6 мамыр 2009 ж.
Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
Талас аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығы
Б. Бүркітбаев
6 мамыр 2009 ж.