2010 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 16 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 91 болып енгізілді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1.«Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Ж. Қарағуловқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010  жылдың қаңтар-наурыз айларында Талас ауданының аумағында тұратын 1993 жылы  туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Қаратау қаласының және ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері «Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтар шақыру учаскілеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік сараптамадан өткізілсін.
      5. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Талас аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Бүркітбаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Қ. Тұрсынбековаға жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі                                О. Жиенқұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Ж. Қарағулов
10 желтоқсан 2009 ж.

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Талас аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б. Бүркітбаев
10 желтоқсан 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады