2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 маусымда № 73 тіркелді. Күші жойылды-Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2 қыркүйекте 2015 жылғы № 315 қаулысмен

      Ескерту.Күші жойылды-Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 ж. № 315 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабының 3 тармағына "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға жоқ құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметінің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлермен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық комиссиясы құрылсын:

Ердосов Күмісбек Жарылқасынұлы
- "Жамбыл облысы Шу ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы (келісім
бойынша);
Аймамбетов Ербол Еркінұлы
- "Шу ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Шу ауданы әкімінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
 
Сәулебаев Талғат Бақытұлы
- "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Шу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары енгізілсін.
Оралбаев Серік Доғдырбекұлы
- "Жамбыл облысы әкімиятының
денсаулық сақтау басқармасының Шу
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының дәрігері – хирургі,
медициналық комиссияының төрағасы
(келісім бойынша);
Скударного Зина
- "Жамбыл облысы әкімиятының
денсаулық сақтау басқармасының Шу
аудандық орталық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы (келісім бойынша);

      
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Шу ауданы әкімдігінің 2009.10.30 № 322 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Е. Жапабаев (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери міндеттерді орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нәметқұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17-ші сәуірден туындайтын қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Б. Қарашолақов

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
      сақтау басқармасының Шу аудандық
      орталық ауруханасы" коммуналдық
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
      бас дәрігері
      А. Мұқатаев
      25 мамыр 2009 жыл
      "Жамбыл облыстық ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      Ш. Жапабаев
      25 мамыр 2009 жыл
      "Жамбыл облысы Шу ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      К. Ердосов
      25 мамыр 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады