Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 6 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 322 қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада 78 нөмірімен тіркелді. Күші-жойылды Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 315 қаулысымен

      Ескерту.Күші жойылды-Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 ж. № 315 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабының 3 тармағына "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 25 мамырдағы № 170 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-11-73 болып тіркелген, 2009 жылдың 18 шілдедегі аудандық "Шу өңірі" - "Шуская долина" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізісін:
      2 тармақтағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін аудандық комиссия құрамына:

Аймамбетов Ербол Еркінұлы
- "Шу ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Шу ауданы әкімінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия мүшесіне:
Сәулебаев Талғат Бақытұлы
- "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Шу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары енгізілсін.

      Сондай-ақ, аталған комиссия құрамынан Әбдраимова Жанар Тұрсынқызы және Қалжанов Қуаныш Жақсылықұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нәметқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Тұрғынбаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облыстық ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      Ш. Жапабаев
      30.10.2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады