РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарын және "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шу ауданында нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын.
2. "Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын, қаржыландырудың мерзімі мен көздерін көздейтін шарттарды жасассын.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нәметқұловқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Қарашолақов |
Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 3 тамыздағы № 242 қаулысына қосымша |