Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсанындағы "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 184 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXII сессиясының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 215 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 8-1-92 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 301 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.12.23 N 301 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ETTI:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-1-85 тіркелген, 2008 жылдың 29 желтоқсанында "Взгляд на события" газетінде N 134 (463) жарияланған IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті XVI сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсанындағы "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала iшiндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" 184 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 2 тармақшасындағы "құны 300 теңге" сөзі, "құны
400 теңге" сөзімен алмастырылсын;
      2) 1 тармақтың 3 тармақшасындағы "құны 1000 теңге" сөзі, "құны
1300 теңге" сөзімен алмастырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға (төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы) жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      ХХІІ сессиясының төрағасы                  М. Камалиев

      Қарағанды қалалық
      мәслихат хатшысы                           Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Жылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады