Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 08/03 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 сәуірде N 8-2-79 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 03 қыркүйектегі N 23/14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2009.09.03 N 23/14 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңңамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласында дыбыстау-, дыбыстау-бейнелеу туындыларының, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы деректер базасының даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Аманғали Әбдіқалықұлы Мұхамбединге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Қ. Балмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады