Республикалық бюджет есебінен 2009 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 13/10 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда N 8-2-91 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы N 07/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.03.15 N 07/01 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына, "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын кенейту мақсатында Жезқазған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган – "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын мекемелердің тізбесін анықтасын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан қала ұйымдарына "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен тиісті шартқа отыру ұсынылсын, сонымен қатар еңбек шарттарына сәйкес алты ай мерзімге дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау жүзеге асырылсын.
      3. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (Б.М. Мырзаханов) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде ұйымдар берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы республикалық бюджет есебінен ай сайын 15000 (он бес мың) теңге және жұмыс берушілердің есебінен ай сайын 15000 (он бес мың) теңге көлемінде төленеді. Республикалық бюджет есебінің қаражаты ұйымдардың есеп-шотына жіберіледі.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларын қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасында қарастырылған 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар іс-тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" ішкі бағдарламасымен қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен жүргізілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау кала әкімінің орынбасары С.В. Филиповичке жүктелсін.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Қ. Балмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады