Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 12 наурыздағы 16 сессиясының N 16/5 "Қызметін эпизотикалық сипатта атқаратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондар құны, базарлардағы алым ставкасы және әр бір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасы туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 мамырдағы N 19/4 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 мамырда N 8-3-79 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі N 15/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.04.2013 N 15/9 шешімімен.

      Бір топ депутаттардың бір реттік талондар құнын және базарлардағы алым ставкасын және әрбір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасының көлемі жөніндегі ұсынысын талдап және қарап, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 12 наурыздағы 16 сессиясының N 16/5 "Қызметін эпизотикалық сипатта атқаратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондар құны, базарлардағы алым ставкасы және әр бір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасы туралы" (тіркеу нөмірі - 8-3-76, "Теміртау" газетінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 13, "Зеркало" газетінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 12 жарияланған) шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
      осы шешімнің 3-қосымшасының 3-тармағындағы "3" саны "2" санына ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экология, бюджет, өндіріс және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.

      Мәслихат хатышысы                          А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласы бойынша
      салық басқармасының бастығы
      __________________ А.О. Орынбеков
      12 мамыр 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады