Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 1 наурыздағы 8 сессиясының N 8/6 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде жасыл көшеттер егу, оларды қорғау және күту Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 22/7 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда N 8-3-90 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы N 4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012.06.05 N 4/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 1 наурыздағы 8 сессиясының N 8/6 "Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде жасыл көшеттер егу, оларды қорғау және күту Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 4 сәуірде N 8-3-53 тіркелген, "Зеркало" газетінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 14 және 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 15, "Теміртау" газетінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 15 және 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 16 жарияланған) келесі өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің алғысөзіндегі:
      "мемлекеттік басқару" сөзі "және өзін-өзі басқару" сөзімен толықтырылсын;
      2) осы шешіммен бекітілген Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде жасыл көшеттер егу, оларды қорғау және күту Қағидасының алғысөзіндегі:
      "мемлекеттік басқару" сөзі "және өзін-өзі басқару" сөзімен толықтырылсын;
      3) 6 баптың:
      37 тармағындағы:
      "тиым салынады" сөзі "жол берілмейді" сөзімен алмастырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            В. Щетинин

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің кадр және
      құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы           В. Карлаш

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының құрылыс, сәулет
      және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Күсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С. Мырзатаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының ішкі
      істер басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығының міндетін
      атқарушы                                   Д. Қожахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады