Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың табыс табуы үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай ММ) (Қ.Қ. Адамова):
1) бекітілген тізбе бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізу үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелермен қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері, қаржыландыру көздері және жұмыс түрлері мен нақты жұмыс шарттары көрсетілген келісім-шарттарға отыруды іске асырсын;
2) 2009 жылы қалалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізбесіне сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын;
4) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақылары ең төменгі төлемақы мөлшерінде төленсін;
5) "Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздарға ең төменгі еңбекақы мөлшерінің екі есе көрсеткішінде төленсін.
3. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.Қ. Томпиева): бекітілген бюджетке сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
4. Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 44/03 "2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Балқаш қаласының әкімі Қ. ТЕЙЛЯНОВ
Балқаш қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
N 02/02 қаулысына қосымша
2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала
мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдарының тізімі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2009.03.05 N 09/01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
N |
Мекемелер мен ұйымдар, |
Жыл дық адам саны |
Жұмыс түрлері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
"Балқаш қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" Мемлекттік мекемесі (әрі қарай ММ) |
10 |
Жеке меншік мал басы, үй жануарлары, құстар есебінің кітабын жүргізу |
2 |
"Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ |
45 |
Әскери қатарға тіркеу және шақыру қағаздарын тарату |
3 |
Сот орындаушыларының Балқаш аумақтық учаскесі |
21 |
Атқару бойынша іс-қағаздар хабарламаларын тарату |
4 |
"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ |
9 |
Құжаттарды тіркеу, хаттар мен сұраныстар жіберу, курьерлік жұмыс |
5 |
"Балқаш қаласының статистика бөлімі" ММ |
28 |
Курьерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу |
6 |
Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығының Қарағанды облыстық филиалы Балқаш қалалық бөлімшесі |
11 |
Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, зейнеткерлерге ескертпелер тарату, құжаттарды реттеу |
7 |
"Балқаш қаласының Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ |
30 |
Кентті көркейту, тазарту жұмыстары, ауылшаруашылық жұмыстары |
8 |
"Балқаш қаласының Қоңырат кенті әкім аппараты" ММ |
39 |
Кентті көркейту, тазарту жұмыстары, ауылшаруашылық жұмыстары |
9 |
"Балқаш қаласы бойынша салық комитеті" ММ |
25 |
Салық төлеу туралы ескертулерді тарату, объектілерге есеп жасау |
10 |
"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
172 |
Қаланы көркейту, тазарту, көгалдандыру жұмыстары |
11 |
"Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
41 |
Тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасау, құжаттарды тіркеу, әлеуметтік жұмыскерлерге көмек көрсету |
12 |
Балқаш қалалық прокуратурасы |
10 |
Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс |
13 |
"Балқаш қаласының Саяқ кенті әкім аппараты" ММ |
23 |
Кентті көркейту, тазарту жұмыстары |
14 |
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының Балқаш қалалық инспекциясы |
10 |
Курьерлік жұмыс, мұрағатты құжаттармен жұмыс |
15 |
"Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ |
10 |
Ақпараттар жиынтығын құру, мұрағаттық құжаттармен жұмыс |
16 |
"Балқаш қаласының әкім аппараты" ММ |
15 |
Курьерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу, қосымша жұмыстарды атқару |
17 |
"Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты" ММ |
20 |
Хабарлама қағаздарын, ескертулерді тарату |
18 |
"Балқаш қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі" ММ |
9 |
Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау |
19 |
"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ |
35 |
Диспетчерлік жұмыс, тұрғын-үй коммисиясында құжаттарды тіркеу |
20 |
"Қарағанды облысы ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ |
66 |
Құжаттарды реттеу, жүрналдарды толтыру, кіріс және шығыс құжаттарын тарату, қоғамдық тәртіпті қорғау жұмыстарына көмек |
21 |
"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ |
10 |
Курьерлік жұмыс, құжаттарды реттеу, мәліметтер жинағын даярлау |
22 |
Балқаш қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі |
5 |
Бөлімде қосалқы жұмыстарды атқару, курьерлік жұмыс |
23 |
"Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" ММ |
5 |
Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау |
24 |
Мүгедектер қоғамы Балқаш қалалық бірлестігі |
49 |
Әлеуметтік жұмыскерлер |
25 |
"Балқаш қаласының әділет басқармасы" ММ |
25 |
Мәліметтер парағын реттеу, мекемелер мен ұйымдардан сұраныс жасау |
26 |
"Балқаш қаласының спорт бөлімі" ММ |
5 |
Курьерлік жұмыс, шараларды өтізуде көмек |
27 |
"Балқаш қаласының балалар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
10 |
Мейрімділік бикесі |
28 |
"Қазақавтожол" Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы |
46 |
Республикалық маңыздағы жолдарды тазалау жұмыстарына көмек көрсету |
29 |
"Балқаш қалалық мемлекеттік мұрағаты" ММ |
5 |
Мұрағаттық құжаттармен жұмыс |
30 |
"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ соның ішінде қалалық жалпы білім беру мектептері |
80 |
Мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау, мектептерде тәрбие жұмыстарын атқаруға көмектесу, қоғамдық тәрбиеші |
31 |
"Балқаш қалалық балалар үйі" ММ |
5 |
Балалардың бос уақытын өткізуде көмек |
32 |
"Балқаш қаласының N 1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
10 |
Мейрімділік бикесі |
33 |
"Балқаш қаласының N 3 емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
10 |
Мейрімділік бикесі |
34 |
"Балқаш қаласы бойынша экология департаменті" ММ |
5 |
Бөлімдегі қосалқы жұмыстар |
35 |
"Балқаш қаласының N 2 кәсіптік лицейі" ММ |
4 |
Қоғамдық тәрбиеші |
36 |
"Балқаш қаласының кәсіптік лицейі" ММ |
4 |
Қоғамдық тәрбиеші |
37 |
"Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ |
30 |
Мәдени іс-шараларды өтізуде көмек, тазарту жұмыстарын атқару |
38 |
"Қоңырат кентінің дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
20 |
Диспетчерлер, науқастармен жұмыс жасағанда көмек көрсету |
39 |
"Ет комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
30 |
Күзетшілік қызмет, азық-түлік өнімдерін сатуда көмек жасау |
40 |
"Балқаш қалалық түберкулезге қарсы диспансері" ММ |
5 |
Тіркеуші, диспансердегі қосалқы жұмыстарды атқару |
41 |
"Балқаш қаласының түберкүлезге қарсы балалар шипажайы" ММ |
5 |
Тәрбиеші жұмыстарына көмекші |
42 |
"Балқаш қаласы қан орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
3 |
Құрылыс-өңдеу жұмыстары, орталықта қосалқы жұмыстар |
Барлығы: |
1000 |