Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды еңбекпен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 23/06 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 маусымда N 8-4-147 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4-13/140 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) оқу орындарының түлектері;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (1 жылдан астам);
      3) Балқаш қаласының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің саны немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
      2. Бір қатысушының орташа айлық аударымдар мөлшері жергілікті бюджеттен 15000 теңгеге жеткізілсін. Жұмыс берушінің елу пайыздық салымын ескере отырып, қатысушылардың орташа жалақысы айына 30000 теңгені құрайды.
      3. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қ.Қ. Адамова):
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын қамтамасыз етсін;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілермен екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемі және еңбекақы мөлшері, төлеу жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі, жіберілетін жұмыссыздар саны көрсетілуімен келісім жасасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 маусымнан 2009 жылдың 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.

      Балқаш қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Нысанғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады