Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2011.09.02 N 03/14 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің "Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы" 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 02/45 қаулысын орындау және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамысымен белгіленген тәртіпте тіркелген жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздердін жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын (бұдан әрі - материалдық көмек).
2. Материалдық көмектің көлімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің қырық есе мөлшерінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім С.Т. Медебаев