Сотталған адамның жазаларын өтеу үшін нысандарды және қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 22 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 наурызда N 8-7-80 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы N 06/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 20.02.2015 N 06/04 қаулысымен.

      Сот үкімі бойынша сотталған азаматтарды толық емес жұмыс күні жағдайында негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін Саран қаласының нысандарындағы қоғамдық - пайдалы жұмыстарға тарту және оларды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiнің 42 бабын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 30-33 баптарын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағын37 баптарын басшылыққа алып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталған адамдарды қоғамдық жұмыстарға жазаны өтеу орны бойынша - "Абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, "Саранкоммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны және олардың түрі: қала аумағын тазалау және абаттандыру болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ш.М. Исеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін өз күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады