Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының әкімдігінің 2010.12.02 N 29/02 қаулысымен.
Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылы жұмыссыз адамдар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімдері, қоғамдық жұмыстардың түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса берілген 2010 жылға белгіленген орындалған жұмыстың мөлшері, сапасы мен күрделілігі айлық минималды еңбекақыдан шыға отырып қоса берілген 2010 жылға арналған жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.О. Тұңғышбаева):
1) 2010 жылға арналған осы мақсаттарға қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде және бекітілген тізімге сәйкес жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;
2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шартын жасасын;
3) қала халқын сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбекақы тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.
4. Саран қаласының әділет басқармасында (N 8-7-75) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 24 қаңтарда N 4 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы "2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 576 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін
6. Осы қаулы қаланың әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және оны алғаш қалалық "Ваша газета" газетінде ресми түрде жариялаған сәттен қолданысқа енеді.
Саран қаласының әкімі Е. Жиенбеков
Саран қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 383 қаулысына
1-қосымша
2010 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі және олардың түрлері
N |
Жұмыс түрлері |
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны |
Жұмыс берушілер |
1 |
Қала аумағын экологиялық сауықтыру, көркейту, көгалдандыру, ауланы жинау |
55 |
"Абаттандыру" коммуналды мемлекеттік кәсіпорыны |
2 |
Қаланың бюджеттік ұйым-дарындағы қосалқы жұмыстар |
80 |
Қаланың бюджеттік ұйымдары, денсаулық сақтау мекемесі |
3 |
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға көмек |
10 |
Қаланың бюджеттік ұйымдары, білім беру мекемелері |
4 |
Мәдени шаралар өткізу |
10 |
Мәдениет мекемелері |
5 |
Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қызмет және көмек көрсету |
45 |
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері |
6 |
Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін салық органдарына көмек көрсету |
30 |
Қаланың салық комитеті |
7 |
Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу компаниясын өткізу |
15 |
Қалалық қорғаныс бөлімі |
8 |
Шағын бизнесті дамытуда ұйымдарға көмек көрсету |
35 |
Жаңа жұмыс орындарын құрушы, және істеп тұрған орындарды сақтаушы, жұмыс берушілерді ынталандыру |
9 |
Ауылшаруашылық жұмыстар |
10 |
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері |
10 |
Құжаттармен техникалық жұмыс бойынша көмек көрсету |
10 |
Саран қаласының ішкі істер бөлімі |
БАРЛЫҒЫ: |
300 |
Саран қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 383 қаулысына
2-қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздардың 2010 жылға арналған еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:
N |
Жұмыс түрлері |
Бір жұмыссызға еңбек ақы төлеу мөлшері |
Жұмыс тәртібі |
|
Бес күндік жұмыс аптасы |
Алты күндік жұмыс аптасы |
|||
1. |
Ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (құрылыс және жөндеу, жылу жұмыстары) |
1,5 минималды еңбек ақы |
40 сағаттық жұмыс аптасы |
40 сағаттық жұмыс аптасы |
8 сағаттық жұмыс аптасы |
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы |
|||
2. |
Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй - жайларда атқарылатын жұмыстар |
1 минималды еңбек ақы |
40 сағаттық жұмыс аптасы |
40 сағаттық жұмыс аптасы |
8 сағаттық жұмыс аптасы |
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы |