Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
2. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишев осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру және оны жүргізу мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2010 жылдың 9 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
4. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі Е. Утешев