Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/04 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 8-9-60 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 07/02 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.04.12 N 07/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Абай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 29 желтоқсанында N 8-9-50 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық гәзетінде 2009 жылдың 1 қантарында N 1-2 (3747) жарияланған Абай аудандық мәслихаттын 10 кезекті сессиясының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10/115 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін орындау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша тиісті әлеуметтік төлемдерді төмендегі азаматтардың санаттарына тағайындасын және ақша аударсын:
      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне – мемлекеттік мейрам 9 мамыр Жеңіс күніне әрқайсысына 10000 (он мың) теңге сомасында материалдық көмек төленсін. Төлем мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығы ұсынған тізімнің негізінде жүргізілсін;
      2) аз қамтылған азаматтарға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – азық-түлік өнімдерінің құнының артуына байланысты ай сайын әрқайсысына 1273 (бір мың екі жүз жетпіс үш) теңге сомасында өтемақы төленсін.
      2. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 01/41 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде" қаулысы жойылсын.
      3. Бұл қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібырахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады