Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 03/02 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 сәуірде N 8-10-78 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 18/37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010.12.24 N 18/37 қаулысымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбекақысын айына төменгі бір еңбекақы көлемінде бекітілсін.
      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Түсіпбеков) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы аудан кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің басшыларына жеке еңбек шартының негізінде орындалатын жұмыстың саны, сапасы және күрделілігіне қарай бір төменгі еңбекақы мөлшерінде қосымша ақы төлеу немесе икемделген кесте бойынша толық емес жұмыс күнін ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б.З. Тлеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ауданның жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы
      _____________ А. Түсіпбеков
      16.03.2009 жыл

      Ақтоғай ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      ______________ С. Дүйсебаев
      16.03.2009 жыл

      Ақтоғай аудандық мемлекеттік
      мұрағаттың директоры
      ___________ А. Есмағанбетов
      16.03.2009 жыл

      Ақтоғай ауданы бойынша
      салық комитетінің төрағасы
      _____________ Қ. Болғанбаев
      16.03.2009 жыл

      Сот орындаушыларының Ақтоғай аумақтық
      учаскесінің сот орындаушысы
      _______________ Н. Смағұлов
      06.03.2009 жыл

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
16 наурыздағы N 03/02
қаулысына қосымша

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Ақтоғай ауданы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі

Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы

Адам саны

Жұмыстың түрлері

Қаржыландыру көзі

Жұмыс көлемі, теңге

1

2

3

4

5

6

1

Ақтоғай селосы әкімінің аппараты

48

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, село көшелерін кездейсоқ қоқыстан тазарту, үй басын аралау, әскери міндетін атқаруға шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шаққандармен профилактикалық жұмыс жүргізу.

Аудан бюджеті

1676340

2

"Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

4

Ақтоғай селосын көркейту, ауыз су жүйесін жөндеу.

Аудан бюджеті

215520

3

"Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

4

Ж. Шайдаров атындағы демалу саябағын көркейту, көгалдандыру, жөндеу, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

215520

4

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

4

Ұлы Отан соғысының, еңбек ардагерлеріне киім, аяқ киім жөндеу, шаштараз қызметін көрсету, әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, құжаттар өңдеу.

Аудан бюджеті

215520

5

Ауданның ішкі істер бөлімі

4

Қоғамдық тәртіпті сақтауға жәрдемдесу (сарбаздар)

Аудан бюджеті

215520

6

Аудандық мемлекеттік мұрағат

6

Мұрағаттағы құжаттардың қалыпты сақталуына көмек

Аудан бюджеті

323280

7

Салық комитеті

4

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу хабарламаларын тарату

Аудан бюджеті

215520

8

Сот орындаушыларының Ақтоғай аумақтық учаскесі

2

Сот орындаушысының қызметіне көмек көрсету, шақыру қағаздарын тарату.

Аудан бюджеті

107760

9

Жидебай селолық округі әкімінің аппараты

5

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

269400

10

Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты

2

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

107760

11

Сарытерек селолық округі әкімінің аппараты

2

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

107760

12

Нүркен селолық округі әкімінің аппараты

2

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

107760

13

Қызыларай селолық округі әкімінің аппараты

2

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

107760

14

Сарышаған поселкесі әкімінің аппараты

8

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

431040

15

Шабанбай селолық округі әкімінің аппараты

2

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

107760

16

Шашубай поселкесі әкімінің аппараты

6

Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары.

Аудан бюджеті

323280


Барлығы

105



4505000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады