Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.27 N 5-1/193 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы жалпы жұмыс орындарының үш пайызы көлеміндегі квотаға сәйкес мүгедектерге арналған жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің тізімі, ондағы жұмыс орындары бекітілсін.
2. Бекітілген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (А. Түсіпбеков) жолдамасы арқылы жүргізілсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Абеуоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Б.З. Тлеубергенов
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
_______________ А. Түсіпбеков
16.03.2009 ж.
Ақтоғай орман және жануарлар әлемін
қорғау жөніндегі шаруашылығы
мемлекеттік мекемесінің директоры
_______________ Қ. Ғалиханов
16.03.2009 жыл
Ақтоғай аудандық медицина
бірлестігінің директоры
_______________ Р. Жарылғасынов
16.03.2009 жыл