Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2009.12.23 N 192 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтоғай ауданының келесі санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері анықталсын:
1) коммуналдық қызметке ақы төлеу;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге белгіленген тариф бойынша электр қуаты, су, көмір шығындарының қаражаты;
2) туберкулез, онкология ауруымен ауыратын азаматтарға ұсынған құжаттарына сай жол шығынын төлеуге;
3) құжаттарды қалпына келтіру үшін бір жолғы материалдық көмек;
4) мерекелік және айтулы күндерге;
5) 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне - отбасының жиынтық табысы азық-түлік себетінің облыста белгіленген мөлшерінен аспаған жағдайда көп балалы аналарға;
6) жеңіс күніне орай – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға келесі санаттар бойынша;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге;
8) балаларды қорғау күніне - он алты жасқа толмаған мүгедек балаларға;
9) жаңа жылды қарсы алу кезінде – он алты жасқа толмаған мүгедек балаларға;
2. Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек, қолдаулар көрсету барысында бекітілген мөлшерлемені қатаң сақтау ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлмалар бөліміне (А. Түсіпбеков) міндеттелсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Тяжин
Аудандық мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов
КЕЛІСІЛДІ
Ауданның жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы А. Түсіпбеков
31.03.2009 ж.