Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 192 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 8-10-96 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012.04.10 N 34 шешімімен.

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі Заңы, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы" қосымшаға сәйкес бекітілсін /қоса тіркеулі/.
      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2008 жылдың 23 желтоқсанындағы "Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, ардагерлерге және 1, 2 топтағы мүгедек азаматтарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қаржылай, заттай көмек көрсету мөлшерлемесі туралы" N 115, (Қарағанды облысы Әділет департаменті Ақтоғай ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 29 желтоқсанында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 8-10-77 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанында N 52 (7166) санында аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), Ақтоғай аудандық мәслихатының 2009 жылдың 31 наурызында қабылданған "Ақтоғай ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлерін анықтау туралы" N 131, (Қарағанды облысы Әділет департаменті Ақтоғай ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуіріндегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 8-10-82 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуіріндегі N 17 (7183) санында аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын, реестірден алынуы сұралсын.
      3. Қосымшада көрсетілген санттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек, қолдаулар көрсету барысында бекітілген санаттарды қатаң сақтау Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) міндеттелсін.
      4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ә. Әлжанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          А. Түсіпбеков

Ақтоғай аудандық мәслихатының
18 сессиясының 2009 жылдың
23 желтоқсанындағы N 192
шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлгендер төмендегідей:
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      3. Ауғанстанда интернационалдық борышын өтегендер;
      4. Бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) әскерінің мүгедектері;
      5. Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбiт уақытта қайтыс болғандардың отбасылары;
      6. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұрынғы кәмілеттік жасқа толмаған фашистік концлагерлерде болғандар;
      7. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек жасағандар;
      8. Жалғыз басты қариялар, ең төменгі зейнетақы алатын 75 жастан асқан зейнеткерлер.
      9. Жан басына шаққандағы орташа табыстары облыс бойынша белгіленген күнкөріс шегінен аспаған жағдайда І-ІІ топ мүгедектері.
      10. Денсаулығы шектеулі кемтар балалар.
      11. Аз қамтамасыз етілген отбасылары (отбасының жиынтық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен аспайтын жағдайда).
      12. Жедел хирургиялық операциядан өткен, жұмыссыз және ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы алатын тұлғалар.
      13. Төтенше жағдайлар кезінде жазатайым уақиғаға ұшырағандар, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған отбасылары (төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша).
      14. Отбасының жиынтық табысына азаматтарды тіркеу кітабында жазылған барлық адамдардың табыстары қосылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады