Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 07/12 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 маусымда N 8-10-85 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 02/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012.02.13 N 02/01 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысымен бекітілген "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
      1) толық 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтарын уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындары және жасы 24 (24 жастағыларды қоса есептеп) дейінгі жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтар жұмыссыздарының айлық жалақысы 30000 теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде 15000 теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленсін.
      4. Жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалардың айлық жалақысы жергілікті бюжеттен бөлінген қаражат есебінен 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      5. Жастар тәжірибесіне жіберу және әлеуметтік жұмыс орнын ұсыну тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзімге жүргізілcін.
      6. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
      1) жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге тілек білдірген нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтары мен оқу орындардың түлектерін қабылдау мен жіберуді жүргізсін;
      2) нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасын;
      3) жастар тәжірибесінен өтетін азаматтардың жеке шоттарына жалақыны ай сайын аударсын;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарда жұмыс істейтін нысаналы әлеуметтік топтардың азаматтары үшін жұмыс берушілердің жеке шоттарына жалақының 50 пайызын ай сайын аударсын.
      7. Осы каулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі                    М. Жарылғап

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады