Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2011.06.09 N 309 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабын басшылыққа ала отырып, объектінің орналасқан жерін, түрін қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ара-тұра сипатта кәсіпкерлік қызметпен шүғылданатын жеке түлғалар үшін қолданылатын бір жолғы талондардың қүндары мен қызмет түрлерінің тізбесі N 1 қосымшада көрсетілген көлемде белгіленсін.
2. Базарларда сауда жасағаны үшін алынатын төлем мөлшері N 2 қосымшада көрсетілген көлемде белгіленсін.
3. Осы белгіленген ставкаларды ара-тұра сипатта аталған кәсіпкерлік қызметпен шүғылданатын жеке тұлғаларға қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық басқармасына (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.
5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ә. Әлжанов
Аудандық мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов
Ақтоғай аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 24 қарашадағы
кезектен тыс 17 сессиясының
N 183 шешіміне 1 қосымша
Ара-түра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің белгіленген түрлерін жүзеге асыратын жеке түлғалар үшін біржолғы берілетін талонның бір күнгі бағасы айлық есептік көрсеткішінен пайызбен алынғанда
N |
Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің түрлері |
1 күнге /айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда/ |
1. |
Газеттер және журналдар сатумен |
7 |
2. |
Түқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
10 |
3. |
Бақша дақылдарын сату |
13 |
4. |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
10 |
5. |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен қүстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқүлақ және балық сату |
4 |
6. |
Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
24 |
7. |
Үй жануарлары мен қүстарын бағуды жүзеге асыратын жеке түлғалар |
23 |
Ақтоғай аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 24 қарaшадағы
кезектен тыс 17 сессиясының
N 183 шешіміне 2 қосымша
Аудан көлеміндегі базарларда сауда-саттық жасағаны үшін жеке түлғалардан алынатын бір жолғы талонның бір күнгі бағасы айлық есептік көрсеткішке пайызбен алынғанда:
Тауар түрі |
Сауда орнының түрі |
Сауда орнының көлемі (м кв) |
1 м кв сауда орны үшін талонның мөлшері айлық есептік көрсеткішке пайызбен алынғанда |
Азық-түлік |
Сөрелерде |
3,4 |
4 |
Ет тағамдары |
3,4 |
5 |
|
Сүт тағамдары |
2,2 |
3 |
|
Өндіріс тауарлары |
Сөрелерде |
4,2 |
3 |
Қолдан сату |
1,5 |
2 |