Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 13/122 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 8-12-52 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы N 19/170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2009.23.11 N 19/170 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін (қосымша қоса тіркелді).
      2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі VІІІ-ші сессиясының "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердің тіркелген нөмірі 8-12-44), "Жаңаарқа" газетінің 2008 жылғы 2 тамыздағы N 34 (9274) санында жарияланған N 8/75 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында тіркеліп, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың
      кезектен тыс кеңейтілген
      XІІІ-ші сессиясының төрағасы               З. Аманов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Жаңаарқа ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы                С. Көпеев
      31.01.2009 ж.

Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 31 қантардағы
кезектен тыс ХІІІ-ші сессиясының
N 13/122 шешіміне қосымша

Рет саны N

Салық салу объектісінің түрі

Айына бір объектіге бекітетін тіркелген салық ставкасының мөлшері АЕК (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ойын ұтыс автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ойын ұтыс автоматы

1,5

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер

1

4.

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады