Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы N 19/170 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 желтоқсанда N 8-12-63 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының XXXI сессиясының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 31/268 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2010.12.22 N 31/268 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін (қосымша қоса тіркелді).
      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы XIII сессиясының "Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" N 13/122 шешімінің (мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердің тіркелген нөмірі 8-12-52, "Жаңаарқа" газетінің 2009 жылғы 28 ақпандағы N 13 (9308) санында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
      XІX-шы сессиясының төрағасы                Ж. Рыспеков

      Аудандық Мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы               Ж. Зайыров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жаңаарқа ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы
                        С. Көпеев
      2009 жылғы 23 қараша

Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 23 қарашадағы
кезектен тыс ХІХ сессиясының
N 19/170 шешіміне қосымша

Рет саны N

Салық салу объектісінің түрі

Айына бір объектіге бекітетін тіркелген салық ставкасының мөлшері АЕК (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ойын ұтыс автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ойын ұтыс автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер

1

4

Бильярд үстелі

3

5

Карт (картинг)

2

6

Ойын жолы (боулинг)

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады