Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн мамандар лауазымдарының Тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 330 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 ақпанда N 8-13-74 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 26.05.2016 № 125 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексiнiң 18, 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен жиырма бес пайызға тарифтiк мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру, мәдениет және әлеуметтiк қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Акимовке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми рет жарияланған күнiнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

Аудан әкімі
Н. Омарханов
КЕЛІСІЛДІ
 
Қарқаралы аудандық
 
мәслихатының хатшысы
 
О. Жүкібаев
 
22.12.2009 ж.
 

      

  Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
N 330 қаулысына қосымша

Жиырма бес пайызға тарифтiк мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру, мәдениет және әлеуметтiк қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы, оқу, тәрбие және оқу-тәрбие жөніндегі басшының орынбасары, меңгерушiсі, басшысы оның ішінде: кiтапхананың, интернаттың;
      2) (бас, аға) мамандар, оның iшiнде: барлық мамандықтағы дәрiгерлер мен мұғалiмдер, медициналық бике, кiтапханашы, тәрбиешi, тәлiмгер, барлық мамандықтағы инженер, барлық атаулар техниктерi, жаттықтырушы, нұсқаушы, әдiскер, аудармашы, программист, концертмейстер, хореограф, аккомпаниатор, есепші, экономист, алғашқы әскери даярлық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы, әлеуметтiк педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша бiлiм беретiн педагог, педагог-психолог, логопед, мастер, өндiрiстiк оқыту мастерi, музыка жетекшiсi, емдәм бикесі;
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекемесiнiң және мәдениет қазынашылық кәсiпорнының басшысы мен орынбасары, бөлiмшелер басшылары, оның iшiнде: кітапхана, филиал меңгерушісі;
      2) (бас, аға) мамандар, оның iшiнде: әдiскер, суретшi, кiтапханашы, режиссер, көркемдік жетекші, музыкалық жетекші, редактор, балетмейстер, концертмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, ұйымдастырушы, музыкант, библиограф, нұсқаушы, программист, есепші, экономист;
      3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) бөлімшелердің басшылары, оның iшiнде: бөлімшенің меңгерушісі;
      2) (бас, аға) мамандар, оның iшiнде әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады