2009 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 14 сессиясының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 173 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуірде N 8-14-94 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 237 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009.12.22 N 237 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде Нұра аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қазпочта" АҚ - арқылы банктік операциялар түрлеріне сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қаралған әлеуметтік төлемақылардың тиісті сомаларын, аудан азаматтарының келесі аталған жекелеген категорияларына төленсін:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әлеуметтік көмек төлемі Нұра ауданының мемлекеттік Зейнетақы төлеу Орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
      2) бұрыңғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқыны болғандарға;
      3) Ленинград блокадасы кезінде сол жерде жұмыс істеп және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "блокадалық Ленинградтың тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанкештілік еңбегі және мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері және медалдарімен марапатталған тұлғаларға;
      Балаларды қорғау күніне:
      5) мүгедек балаларға, төлемақы Нұра ауданының мемлекеттік Зейнетақы төлеу Орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
      6) Ұлы Отан соғысына қатысқандары мен мүгедектеріне от жағатын мезгілде коммуналдық қызмет ақысына, электрқуатына, қатты отынына;
      7) кент және ауылдардың аз қамтылған азаматтарына егер орташа жандық табысы күн көріс деңгейінен төмен немесе кейбір орын алған жағдайларға байланысты шұғыл қолдауға мұқтаж болғанда;
      8) кент және ауыл азаматтарының орташа жандық табысы күн көріс деңгейінен жоғары болғанда, айрықша жағдайларда - өрт, денсаулыққа қауыпты жағдайда, жол апаты және басқа кездейсоқ жағдайларда әлеуметтік төлемақы алу құқығы бар;
      9) құжаттарды рәсімдеуге.
      2. Әлеуметтік көмектің төлемақысы осы шешімнің 1 тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында аталған азаматтардың жекелеген категорияларына Нұра ауданының мемлекеттік Зейнетақы төлеу Орталығының ұсынған тізімдері негізінде жүргізілсін.
      3. Осы шешімнің 1 тармағы 7), 8), 9) тармақшаларында аталған азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек төлемақысы келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге жазбаша түрдегі өтініш;
      2) өтінушінің жеке куәлігінің, СТН көшірмесі;
      3) емдеу мекемесінің емделу қажеттілігі туралы анықтамасы;
      4) өрт туралы акт;
      5) кірістерінің түрі көрсетілген материалдық-тұрмыстық жағдайды тексеру актісі және кент немесе ауыл әкімінің ұсыныcы.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Д. Намысов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Е. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады